• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев: Медициналық сақтандыру қорын дамыту стратегиясын соңғы рет нақтылау қажет

Б.Сағынтаев: Медициналық сақтандыру қорын дамыту стратегиясын соңғы рет нақтылау қажет

8 Қараша, 2016 12:19
Медициналық сақтандыру қорын дамыту стратегиясын соңғы рет нақтылау қажет, деп Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеноваға қарата айтты.

«Медициналық қорға байланысты  баяндамада айтылғандай, бұл жаңа бағыт, біз осы уақытқа жеттік, алайда барлығы қалыптастып жатыр. Бұл мәселені түпкілікті, нақты талқыладық. Сондықтан медициналық сақтандыру қорын дамыту стратегиясын соңғы рет  тұжырымдаған дұрыс. Ол барлығына түсінікті болуы  керек», - деді Премьер-Министр Тамара Дүйсеноваға.

Ол айтып өткендей, тұрғындар денсаулық сақтау  саласындағы реформалар туралы толық ақпараттанбаған. Біз бұл жағдайды өзгертіп, қоғамға толық ақпарат беруіміз керек.

«Осы жерде жасалып жатқан реформалар халыққа жетпей жатыр деген дұрыс ақпарат айтылды. Біз әр түрлі реформалар туралы айтамыз. Бізде «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық»  бағдарламалары бар. Бұл ең алдымен адамдардың денсаулығы екені түсінікті. Сондықтан, денсаулықтың жақсаруына жасап жатқан әрекеттерімізді  халыққа жеткізіп тұруымыз керек. Бұл салада стратегияны өзгерту қажет», - деді Б.Сағынтаев. 

Барлық жаңалықтар