Қазақстанда жүрек ауруынан болатын өлім көрсеткіші азайды

8 Қараша, 2016 12:03
Қазақстанда жүрек ауруы әсерінен болатын өлім көрсеткіші азайды, деді Үкімет отырысында «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжин.

«Қазіргі таңда елде  жыл сайын  40 мыңға дейін  жүрекке  хирургиялық  ота жасалады. Егер  2003 жылы  жүрек-қан тамырлар ауруынан  жыл сайын 80 мың адам көз жұмса,  қазір  өлім-жітім  62,5 пайызға төмендеп,  30 мың адамды құрап отыр», - деді А.Байгенжин.

Мамандардың айтуынша,  жүрекке ота жасау  бүгінгі таңда  Қазақстанның 32 клиникасында  жасалады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар