• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б. Сағынтаев 2017 жылы педиатрия факультеттерінің жұмысын қайта жандандыруды тапсырды

Б. Сағынтаев 2017 жылы педиатрия факультеттерінің жұмысын қайта жандандыруды тапсырды

8 Қараша, 2016 11:58
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев келесі жылдан бастап еліміздің барлық медициналық оқу орындарында педиатрия факультеттерінің жұмысын жандандыруды тапсырды.

«Бұл жерде балалар дәрігерлерін – педиатрларды даярлауға қатысты мәселе дұрыс қозғалып отыр. Мен министрлер Дүйсенова мен Сағадиевке барлық медициналық оқу орындарында педиатрия факультеттерінің жұмысын жандандыруды тапсырамын. Және оқытуды да бастау қажет. Бұл мәселелерде тәжірибе жасауға болмайды. Мұнда қалыптасқан тетіктер мен күтіп жүрген адамдар бар, біз осы жолмен жүруіміз қажет», - деп тапсырды министрлерге Бақытжан Сағынтаев.

Осылайша, Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша, студенттерді даярлау бойынша жұмысты келесі жылдың бірінші қыркүйегінен бастау қажет. 

Барлық жаңалықтар