- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаевқа «Токай» университетінің Инженерлік ғылымдар құрметті докторы дәрежесі берілді
Н.Назарбаевқа «Токай» университетінің Инженерлік ғылымдар құрметті докторы дәрежесі берілді
Қазақстан Президенті университетті аралау барысында күннен қуат алатын «Токай челленджер» автокөлігін көріп, «Болашақ» бағдарламасы бойынша осында оқып жатқан қазақстандық студенттермен әңгімелесті.
Елбасы оқу орнының ұжымы алдында сөйлеген сөзінде «Токай» университеті мен Назарбаев Университеті арасында қалыптасқан серіктестік қарым-қатынасқа назар аударды.
«Бүгінде Астана Еуразияның ірі ғылыми және білім беру орталығының біріне айналды. Біз қазір жастарды білім алу үшін өзіміздің университетімізге тартудамыз. Онда жапон жастары да оқитын болады деп үміттенеміз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы республикамызда ғылымды қамтитын экономика қалыптастыру үшін екі зияткерлік-инновациялық кластер – Назарбаев Университетінің «Астана бизнес кампусы» хайтек-паркі және Алматы қаласында «Алатау» технопаркі ашылғанын айтты.
««Токай» университетін осы ғылыми-инновациялық орталықтармен белсене ынтымақтасуға шақырамын», – деді Қазақстан Президенті.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды «Токай» университетінің алдағы 2017 жылы атап өтілетін 75 жылдығымен құттықтап, Қазақстан мен Жапония қарым-қатынасы барлық бағытта одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Елбасыға Жапонияның жетекші білім беретін және ғылыми-зерттеу орталығы болып саналатын «Токай» университетінің Инженерлік ғылымдар құрметті докторы дәрежесі берілді.
«Токай» университетінің ректоры Ямада Киеси Нұрсұлтан Назарбаевқа Құрметті доктор дәрежесінің дипломы мен медалі тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанды өркендетуге, сондай-ақ ғылым және білім беру саласын халықаралық стандарттарға сай дамытуға қосқан үлесі үшін берілгенін атап өтті.
«Сіз білім мен ғылымды, әсіресе жаратылыстану ғылымдары мен техникалық пәндерді жетілдіру, жаңғырту және жаһандандыру қажеттілігін сезініп, бұл бағытта көптеген маңызды саяси шешімдер қабылдадыңыз», – деді Я.Киеси.
-
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді -
Инфографика: Білім және ғылым саласын дамытуға қандай тапсырмалар берілді -
Тоқаев министрлерді қабылдады: сауда саласы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары туралы есеп берілді -
Атырауда "Абай" күні туылған сәбиге Абай есімі берілді -
Қазақстанда 33 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді -
Мемлекет басшысына сот жүйесінің қайта құрылуы жөнінде мәлімет берілді -
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының қызметіне оң баға берілді -
Түркістан: Мақтааралда тұрғындарға 100 мың теңгелік өтемақы берілді -
Кеңесте білім беру жүйесіне ерекше басымдық берілді – Р.Кенжеханұлы -
ШОБ өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несиелер берілді -
ҰОС қатысушыларына 1 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді