• Басты
  • Жаңалықтар
  • ДСӘДМ МӘСМ қызметін медициналық ұйымдардың 45 мың жетекшісіне түсіндіреді

ДСӘДМ МӘСМ қызметін медициналық ұйымдардың 45 мың жетекшісіне түсіндіреді

8 Қараша, 2016 11:02
2017 жылдың 1-ші сәуіріне дейін Міндетті медициналық сақтандыру қорының жұмысын түсіндіру медициналық ұйымдардың 45 мың жетекшісіне жүргізіледі, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Үкіметтің отырысында.

«Бағдарламаның бірінші бағыты міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу. Мемлекет басшысының  тапсырмасы бойынша енгізу уақыты 2017 жылдың басына бекітілген.  Бұл орайда  бюджет жобасында  денсаулық сақтау саласына бағытталатын  2017-2019 жылдардың қаражаты  республикалық деңгейге негізделген. Бұл шара бізге   сақтандырудың бірыңғай инфрақұрылымдық  жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ,  «қаражат науқастардан» ұстанымын толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Т.Дүйсенова.

Министр айтып өткендей, әртүрлі тарифтер науқастарға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын  әлеуметтік-маңызды аурулар бойынша қызмет көрсетуді таңдау еркіндігін ұсынбаған.

«Бүгінде МӘМС  қорында нормативтік-құқықтық актілердің сәйкес  жобалары әзірленді, олар Қордың жүйесін реттейтін болады. Сондай-ақ, МӘСМ енгізу бойынша республикалық  және өңірлік штабтарда, барлық ЖОО-да  жұмыскерлерді дайындау жүргізілуде.  2017 жылдың  1-ші сәуіріне дейін  осы сынды курстар  45 мың жетекшіге жүргізіледі», - деді министр.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар