- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министріне еліміздің оңтүстік өңірінде болған дауылдан кейін қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы хабарланды
ҚР Премьер-Министріне еліміздің оңтүстік өңірінде болған дауылдан кейін қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы хабарланды
Еске сала кетейік, 3 қарашада Жамбыл облысында қатты дауыл болып, нәтижесінде, Байзақ, Жамбыл, Жуалы және Шу аудандары зардап шеккен болатын.
«Барлық облыс әкімдерімен және мемлекеттік органдардың басшыларымен жұмыс жүргізіліп, оларға тапсырмалар берілді. Қазіргі уақытта барлық қажетті іс-шаралар өткізілді. Асқар Ұзақпайұлы (Мамин – АА) бұл мәселені өз бақылауына алды», - деді Б. Сағынтаев.
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкребаев өңірдегі атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
«Күшейтілген жұмыс нәтижесінде халыққа жылу беру қалпына келтірілді. 6 қарашада ауылдық елді мекендерде электрмен жабдықтау жұмысы қалпына келтірілді. 36 азамат медициналық көмекке жүгінді, 4 адам емдеуге жатқызылды. Тараздың бірнеше аудандарында жергілікті маңызы бар ТЖ режимі енгізілді», - деп баяндады К. Көкребаев.
Оның айтуы бойынша, барлық коммуналдық меншік объектілері жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіріледі.
Премьер-Министр ауыл шаруашылығы министрі мен өзінің бірінші орынбасарына жағдайды бақылауға алуды тапсырды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді