- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл соңына дейін Қазақстанда 350 емхана мен дәрігерлік амбулатория салынады
Жыл соңына дейін Қазақстанда 350 емхана мен дәрігерлік амбулатория салынады
«Денсаулық сақтау жүйесі – әрбір адамға қатысты маңызды сала. Медициналық қызметтерге қолжетімділік пен олардың сапасы Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында. Тәуелсіздік жылдары ішінде елімізде мемлекет қаражатына 1300-ден астам денсаулық сақтау объектісі салынды, соның ішінде жыл соңына дейін 350 емхана мен дәрігерлік амбулатория салынады», - деп хабарлады Б. Сағынтаев.
Премьер-Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық өңірлерде кардиохирургиялық емдеу бөлімшелері ашылғанын, Қазақстанда алғаш рет жүрек пен миға ота жасала басталғанын атап өтті.
«Ағымдағы жылғы 8 ай ішінде Қазақстанға емделуге келген шетелдік азаматтардың саны 7,5 мың адамнан асты. Іске асырылған шаралардың нақты мақсаты – халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығын ұлғайту, ол Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 67 жасты құраса, қазір 72 жасқа жеткен. 25 жыл ішінде біз өмір сүрудің орташа ұзақтығын 5 жылға ұлғайттық. Сонымен бірге, ана өлімі – 5 есе, балалар өлімі 3 есе азайған. Бұл өте үлкен жетістік», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру