Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындары 252 млрд теңгенің өнімін өндірді

8 Қараша, 2016 14:51
2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) қолданыстағы бағалармен 252750,7 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, деп хабарлады статистика департаменті.

Заттай көрсеткіштер динамикасынан есептелген нақты көлем индексі 2016 жылғы тамызға 94,2%-ды, 2015 жылғы қыркүйекке 105,1%-ды, 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекке 103,9%-ды құрады. 

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі облыстың 6 ауданында: Меркі ауданында (47,9%-ға), Сарысу (32,8%-ға), Мойынқұм (21,2%-ға), Жамбыл (20,1%-ға), Талас (7,7%-ға), Жуалы (1,2%-ға) өскені тіркелді.

Барлық жаңалықтар