Д.Тен: Спорт - бұл өмір

2 Ақпан, 2017 09:45

«Мен алғаш рет мәнерлеп сырғанау спортын игере бастағанда спорттың бұл түрі елімізде көп танылмаған еді. Мен қыста ашық айдындарда және сауда орындарында дайындалдым. Содан бері 15 жыл өтті. Енді қазіргі таңда Қазақстанда инновациялық керек-жарақтың бәрі бар. Мәнерлеп сырғанау секцияларында шәкірт көп және бұл спорт елімізде даму үстінде.

Президентіміздің дана саясаты арқасында мен мәнерлеп сырғанау бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткіздім.

Мен халықаралық жарыстарда 9 жылдан бері бақ сынап келемін. 2008 жылы Қазақстан тарихында алғаш рет Гран-при кезеңінде алтын медаль ұтып алу бақыты бұйырды.

2011 жылы мен Астанада өткен Қысқы Азия ойындарын ұттым. Жарыстан кейін Нұрсұлтан Әбішұлы Азия ойындарының алтын медалі Әлем чемпионатының алтын медаліне айналсын деген тілегін айтты. Сол жылдың наурыз айында мен Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері атандым. Мен үшін Мемлекет басшысының сенімін ақтау үлкен абырой!», - дейді Денис Тен.

Анықтама:Денис Тен –қазақстандық жекелей мәнерлеп сырғанаушы. 2013 жылғы Мәнерлеп сырғанау бойынша әлем чемпионатының жүлдегері. 7-інші қысқы Азия ойындарының чемпиооны, ISU ұранымен өтетін халықаралық бәсекелердің бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері.

Сонымен қатар Денис Тен «Астана» Президенттік Кәсіби клубының мүшесі.

Ол - ISU ұйымдастыратын жарыстарда жүлделі орын алған алғашқы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы (2008-2009 жылы Беларусьте өткен жастар арасындағы Гран-при кезеңінде алтын медаль иегері), сонымен қатар ересектер арасында жүлделі орынға іліккен Қазақстан тарихындағы алғашқы өкіл (2013 жылы). Бильманн айналымын орындайтын санаулы спортшы ерлердің бірі.

Тен 2010 жылғы Олимпиадада Қазақстан елінің атын танытты. Онда ол ерлер арасындағы ең жас мәнерлеп сырғанаушы болып есте қалды. Бұдан бөлек ол Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан алғаш болып финалдық жарысқа өте алған алғашқы мәнерлеп сырғанаушы жігіт.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсізздігінің 20 жылдық медалімен марапатталды.

2013 жылы Атырауда өткен «Менің Қазақстаным» атты VI Республикалық Патриоттар Форумына шақырылып, «Әлемге танылған Қазақстан» номинациясымен марапатталды.

2014 жылы өткен Сочи олимпиадасында қазақстан қоржынына жалғыз жүлдені әперді.Яғни қола жүлде.

Универсиада-2017  ойындарында Денси Тен алтынға ие болды.

 

Барлық жаңалықтар