• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚХА үздік ғылыми жоба бойынша республикалық байқау қорытындыларын жасады (ФОТО)

ҚХА үздік ғылыми жоба бойынша республикалық байқау қорытындыларын жасады (ФОТО)

7 Қараша, 2016 18:13
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында үздік ғылыми жоба бойынша республикалық байқаудың қорытындылары жасалып, оның жеңімпаздары марапатталды.

«Біздің кездесуіміз ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Сіздер Мемлекет басшысының көптеген өңірлерде болып, ел тұрғындарымен кездескенін білесіздер. Бүгін біз ғылыми-сараптамалық қоғамдастық қорытындыларын жасай аламыз деп ойлаймын, себебі қоғамдық келісім тақырыбы – бұл маңызды бағыттардың бірі», - деді төрағаның орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов.

Байқау ҚР Тұңғы Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық қоғамдық келісім және жалпы ұлттық бірлік моделіне арналған болатын.

«ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің жұмысы күрделі ғылыми-зерттеу сараптамалық сүйемелдеусіз жүргізілуі мүмкін емес. ҚХА қолданбалы қызметі орталықта да, орындарда да өте күрделі талдамалық жұмыспен қамтамасыз етіледі. Осы мониторингтер мен шолулардың нәтижелері кейінгі кезеңге арналған даму бағыттарын анықтау үшін аса маңызды», - деп атап өтті ҚР Тұңғы Президентінің Мұражайы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚХА ҒСК мүшесі Күләйша Ақтаева.

Осылайша, кеңес жұмысының барысында қазақстандық сәйкестікті нығайтудың тарихи және құқықтық аспектілері қаралды, этнос аралық қарым-қатынастарды бірыңғай социологиялық зерттеу әдіснамасының өзекті мәселелері талқыланды.

Индира Қауметова

Сурет Бауыржан Жуасбаев

Барлық жаңалықтар