- Басты
- Жаңалықтар
- Меморгандар ақпаратқа қол жеткізу туралы заңды ұстануы керек – Әшімбаев
Меморгандар ақпаратқа қол жеткізу туралы заңды ұстануы керек – Әшімбаев
«Біз бұл жерде атқарылған еңбекті сыйлаймыз, Ақпарат және коммуникация министрлігіне ешқандай мін тақпаймыз. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өте ауқымды жұмыс жасады. Бірақ, бірқатар мәселелер бар. Мемлекеттік органдар «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның бүге-шүгесіне дейін тәртіптерін түсінбей жатқан сияқты. Ең алдымен негізгі істерден бастау қажет», - деді М.Әшімбаев Парламент Мәжілісі комитетінің көшпелі отырысында.
Депутат кейбір меморгандардағы телефон қызметін атап өтті. Оның ақпаратынша, ақпарат және коммуникация министрлігі, білім және ғылым, Астана әкімдігі сынды ведомстволарда анықтамалық қызмет көрсету желісі жауап бермеді, жауап берген жағдайда толыққанды жауап бере алмады.
Депутат меморгандардың ресми сайттарына көңіл аударды. Оның айтуынша, «сайттар – өте өзекті, күрделі мәселе».
«Мемлекеттік кірістер комитетінде ақпараттың 70 пайызы жоқ, ол «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң аясында бар. ҰЭМ-де мемлекеттік материалдық резерв комттеті бұл заңның бар екенінен мүлдем хабарсыз сияқты. Бұл олардың сайтынан кейін туған пікір. Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне бәсекелестікті қорғау мен табиғи монополияларды реттеу бойынша біршама сұрақ бар.Астана әкімдігінің сайтына да бірқатар сұрақ бар. Онда да заңмен қарастырылған өте өзекті мағлұмат жоқ», - деді депутат.
М.Әшімбаев қорытындысында аталмыш заң мемлекеттік органдар маңызды ақпаратты сайтқа жарияламаған мәселені қарастырады.
«Атап айтсақ, тұлғалар айыппұл және өзге жазалау бойынша тәртіпке шақырылуы мүмкін. Меніңше, біраз уақыттан кейін қоғамдық ұйымдар мен ҮЕҰ бұл мәселені ашық айтып, заңнан жалтарған тұлғаларды жауапкершілікке шақыруға ұмтылады. ҮЕҰ-лар бұл әдісті жақын арада қолданылуы керек», - деді М.Әшімбаев.
Айта кетейік, Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясындағы 94 қадам бойынша есепті мемлекетті қалыптастыру жолында «ашық үкімет» енгізу қарастырлған.
Ботагөз Айтжанова
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары