• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта Ресеймен Байқоңыр қаласының мәртебесі туралы келісімге енген өзгертулер қаралады

Сенатта Ресеймен Байқоңыр қаласының мәртебесі туралы келісімге енген өзгертулер қаралады

7 Қараша, 2016 16:13
Сенат Бюросында Парламенттің жоғарғы Палатасының 10 қарашада болатын отырысының күн тәртібі келісілді.

Сенаторлар депутат Дархан Кәлетаевты Палатаның тұрақты комитетінің құрамына сайлаутуралы мәселені қарайды.

Күн тәртібіне сондай-ақ Жоғарғы Сот судьясы қызметіне сайлау мәселесі енгізілді. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне Қазақстан Республикасының Президенті ұсынынған кандидатураны талқылау және ол бойынша қорытынды әзірлеу тапсырылды.

Палата отырысының күн тәртібіне 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы да қосылды.

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті Қазақстан Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы біздің елімізде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.

 

Барлық жаңалықтар