- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында «жасыл» тәжірибені қолдана отырып балық өсіріледі (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Алматы облысында «жасыл» тәжірибені қолдана отырып балық өсіріледі (ФОТОРЕПОРТАЖ)


Осы жобаны «Алакөл табиғаты» қоғамдық бірлестігі іске асыруда, оның аясында ауданы 290 шаршы метр қолданыстағы инкубациялық цех базасында, тоған шаруашылығы және жаңа жабық сумен жабдықтау қондырғысының құрылысы шеңберінде үстіңгі және жер асты суларын ұтымды және тиімді пайдалану, сондай-ақ оларды қайта пайдалану ұсынылады.


Инкубациялық цех базасында әрқайсысының диаметрі 3 м, тереңдігі 2 м 6 бассейн орнатылған, ұңғымадан су құбыры өткізілген, бүгінгі күні бір бассейнде көксерке, қалған 5 бассейнде сазан және мөңке балықтар өсіріледі. Жаңа жобада қолданылатын технологиялар балықтарды жыл бойы өсіруге, осылайша, өнімді ішкі нарықта ғана емес, сыртқы нарықтарда да бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді.




«Тоған шаруашылығындағы су шығысы үлкен, онда су үнемі айналып отыруы тиіс, сондықтан біз су үнемдеуді анағұрлым ұлғайтатын тұйық сумен жабдықтау жүйесіне тоқталдық», - деді «Алакөл табиғаты» ҚБ басшысы Ерлан Қажинов.



Оның есептеулері бойынша, сыйымдылығы 6 мың литрді құрайтын тоған шаруашылығында тәулік сайын 1,5 мыңнан 2 мың литрге дейін су ауыстыруға тура келеді. Ал сегіз бассейн бойынша 24 текше метр су айдауға мүмкіндік беретін тұйық сумен жабдықтау қондырғысы болған кезде бір тәулік ішінде жаңарту үшін не бары 240 литр су ауыстыру талап етіледі.
«Ол ешбір аурусыз, таза, оны орнында өткізуге болады», - деді ол.


Сонымен қатар, тұйық сумен жабдықтау қондырғысы болған кезде су қоймаларына жіберілген шабақтардың 90%-ына дейін бейімделіп кетеді. Соның ішінде су айналымын қамтамасыз ету кезінде қондырғы оның оттегімен автоматты түрде қанығуына ықпал етеді.



«Біз тірі сазанды көлден аулаймыз, одан кейін балық бейімделу процесінен өтеді, кейін уылдырықтан дернәсіл шығарамыз, белгілі бір уақыт кезеңі өткеннен кейін дернәсілдер балыққа айналады. Кейбір көлемін көлге жібереміз де, кейбіреуін балықтың қалай дамитынын көріп, талдау үшін осында қалдырамыз», - деді инкубациялық цех технологы Асқар Тұрлыбек.



Оның айтуы бойынша осы жылы бөлінген гранттың арқасында жаңа жабдық сатып алу мүмкіндігі пайда болды. Ол суды ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін биологиялық және химиялық сүзгілер.




«Ең бастысы, балықтарды бақылап отыру, арнайы қорекпен уақтылы қоректендіріп отыру қажет. Әрине, шабақтардың барлығы бірдей бейімделіп кетпейді. Бүгінгі таңда біз 6 мың мөңке балық пен сазан және 200 дана тәжірибелік көксерке ұстаймыз», - деді ол.


Осылайша, «Алакөл табиғаты» ҚБ басшысы Ерлан Қажинов айтып өткендей, инкубациялық цехта өсірілетін балықтардың тіршілігін қамтамасыз ету және балықтарды өнеркәсіптік ауқымда өсіру үшін барлық тиісті жағдайлар жасалған.



Осы заманауи қондырғылардың арқасында таза су тарту 16,7%-ға төмендетіледі, ағыс суларды көлге ағызу тоқтатылады, балықтарды өсіру режимдерін басқаруды толық автоматтандыруға қол жеткізіледі, ал балық өсіру тиімділігі 2 есе өседі.
2018 жылы өнімді ішінара өткізгеннен кейін күтілетін пайда шығындарды шегергенде 69 млн теңгені құрайды. Жобаның іске асырылуы 6 жұмыс орнын ашып, жергілікті халықтың материалдық-экономикалық жағдайын жақсартады.
Одан басқа, жобада 150-ден астам адамды қамти отырып, барлық балық өсіру шаруашылықтарымен және кәсіпорындармен 3 семинар және тренингтер өткізу көзделуде. Оқумен 12 балық өсіру бригадасы қамтылады.


Еске сала кетейік, Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру мақсатында, 2015 жылы елімізде ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ ЕЭК бірлескен жобасы басталды. Бұл жоба «жасыл» экономиканың сәтті қағидаттарын енгізу бойынша жәрдемдеседі. Жергілікті деңгейдегі практикаларды көрсету мақсатында, бірлескен жоба 600 000 еуро жалпы сомасына грант бөлген болатын. Сома 14 ҮЕҰ арасында бөлінген.
Индира Қауметова
Автордың суреттері
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді