• Басты
  • Жапония ЭКСПО-2017 көрмесінде баламалы энергетика саласындағы ең озық инновациялармен таныстырады
7 Қараша, 2016 14:32

Жапония ЭКСПО-2017 көрмесінде баламалы энергетика саласындағы ең озық инновациялармен таныстырады

Токиода Жапонияның «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қойылды, деп хабарлады Ұлттық компания.
Жапония ЭКСПО-2017 көрмесінде баламалы энергетика саласындағы ең озық инновациялармен таныстырады

Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов пен Көрменің жапондық секторының Комиссары Томиясу Накамура қол қойды.

Ұлттық компания басшысы Жапонияның Көрмеге қатысуын алғашқы болып растаған елдердің бірі екендігін атап өтті.

Ахметжан Есімов Астана қаласында «Болашақ энергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу бастамасына қолдау көрсеткендіктері үшін жапондық тарапқа алғыс білдірді.

«Жапонияның осындай іс-шаралар өткізудегі Осака, Цукуба және Аичи қалаларындағы ЭКСПО көрмелері кезінде көрсеткен іс-тәжірибесі мен табысы біз үшін Көрмені сапалы ұйымдастырудың жарқын мысалы болып табылады», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде Жапония секциясының комиссары баламалы энергетика облысында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұрған ел ретінде Жапония ЭКСПО-2017 көрмесінде өзінің ЖЭК саласындағы ең тамаша жетістіктерімен таныстыратындығын мәлімдеді.

«ЭКСПО-2017 біздің мемлекетіміздің жаңартылатын энергия көздері облысындағы ғылыми әлеуетімен таныстыруға арналған алаңға айналады және осы саладағы көпжақты әріптестіктің дамуына түрткі болады, - деп мәлімдеді Томиясу Накамура.

Естеріңізге сала кетелік, «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушы елдердің тізімін жасау процедурасы екі кезеңнен тұрады – көрмеге қатысуды ресми түрде растау, содан кейін қатысу шартына қол қою.

Қазіргі кезеңде 105 ел, 17 халықаралық ұйым өздерінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындықтарын растады, 82 ел көрмеге қатысу шартына қол қойды.

 

Барлық жаңалықтар