- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан – Жапония бизнес форумы аясында 1,2 млрд доллардың келісімі түзілді (ФОТО)
Қазақстан – Жапония бизнес форумы аясында 1,2 млрд доллардың келісімі түзілді (ФОТО)
Үкіметаралық комиссия отырысын ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «KAZNEX INVEST» АҚ, Жапонияның энергетика, сауда және өнеркәсіп министрлігі ұйымдастырды. Негізгі баяндамашылар үкіметаралық комиссияның тең төрағасы, инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хайыров пен Жапонияның сауда және өнеркәсіп, экономика вице-министрі Хирофуми Катасэ болды, деп хабарлады Ұлттық агенттікте.
«Жапония Қазақстандағы ірі шетелдік инвестор болып табылады. Қазіргі таңда біздің елдер арасында бірлескен 25 инвестициялық жоба 4 млрд долларға жүзеге асырылып жатыр. Олар: экономика, энергетика, логистика, машина жасау, фармацевтика, ақпараттық-коммуникациялық технология саласында жұмыс істеуде. Бүгін Қазақстан ұзақмерзімді жобаларды ұсынып отыр, ол Жапониялық тарапты қызықтыратыны сөзсіз», - деді Е.Хайыров.
Бизнес форумның қорытындысы бойынша 1,2 млрд доллардың 13 коммерциялық жобасы химия, мұнай-химия, инновациялық технология, мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі, энергетика, қаржы, құрылыс материалдары, туризм мен сауда саласында жүзеге асырылды.
Жапониялық тарап ҚР аймағындағы маңызды салаларды қаржыландыруы бекітілді. Мәселен, Атырауда зауыт құрылысы, Маңғыстау облысында эылуэнергетика станциясы сынды мекемелер бар.
Бизнес форумда қазақстандық делегация жапондық серіктестерге 2015-2019 жылдарға арналған Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын таныстырды.
Сондай-ақ, Қазақстанда бизнес жобаларды енгізу мүмкіндіктері туралы мүмкіндіктер таныстырылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда