- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Жапония дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісті (ФОТО)
Қазақстан мен Жапония дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісті (ФОТО)
Екі елдің лауазымды тұлғаларының визасыз сапарлары Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға және саяси қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілетуге ықпал етеді, деп хабарлады ҚР СІМ.
«Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға ресми сапарымен бір уақытта біз 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері үшін визалық талаптардан босату туралы ауызша пікір алмастық. Одан басқа, Мемлекет басшысының 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандық дипломатияның экономикалық бағыттылығын күшейту жөніндегі тапсырмалары мәнмәтінінде Жапонияның ұлттық паспорттарының иеленушілері үшін 30 күнге дейін визасыз режим белгіленеді. Бұл екі елдің инвестициялар, жаңа технологиялар және туризм саласындағы бизнес құрылымдары арасындағы іскерлік қарым-қатынастарды қарқындатуға мүмкіндік береді», – деді ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев.
Ауызша пікір алмасу Қазақстанның барлық азаматтары үшін визалық режимді оңайлату жолындағы алғашқы қадам болып табылады.
Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Ясумаса Идзима бүгінгі оқиға екі ел арасындағы саяси, экономикалық салалардағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
«Біз Қазақстанның барлық азаматтары үшін визалық режимді одан әрі оңайлатуға тырысамыз», – деп қосты жапондық дипломат.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары