- Басты
- Жаңалықтар
- «Каспий құбыр Консорциумы-К» ЭКСПО көрмесінің демеушісі болады
«Каспий құбыр Консорциумы-К» ЭКСПО көрмесінің демеушісі болады
Мұнай тасымалдау бойынша аса ірі әлемдік жобалардың бірі КҚК ЭКСПО-2017 көрмесінің корпоративтік қатысушысы болып, демеушілік көмек көрсетеді.
«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов консорциумның алда өткелі отырған көрмеге қатысуының маңызы жоғары екендігін атап өтті.
«КҚК-ның ЭКСПО-2017 ұлттық жобасының демеушісі болуды ұйғарғандығы бізді аса қуантады. Бүгінде әлемнің көптеген аса ірі компаниялары біздің әріптестеріміз бен демеушілеріміз болып отыр - олар, мысалы, SHELL, Chevron, CISCO, Samsung, General Electric, сонымен қатар бірқатар қазақстандық компаниялар. Демеушілік бойынша 125 млн. евро жиналып та қалды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін біз сіздермен меморандумға қол қойып отырмыз», - деді Ахметжан Есімов.
15 жылдай уақыт бойы, 2001 жылдан бастап каспийлік құбыр арқылы Қазақстаннан сыртқы нарықтарға жарты миллион тонна мұнай экспортқа шығарылды.
«КҚК алдағы ЭКСПО-2017 көрмесі демеушілерінің біріне айналатын меморандумға қол қою мүмкіндігіне ие болғанымызға біз қуаныштымыз. Біз корпоративтік қатысушы ретінде көрме жұмысына белсене қатысатындығымызға сенеміз және де бүгінде біз алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін өз үлесімізді қосып жатырмыз. Біз көрменің табысты өтетіндігіне шын ықыласпен сенеміз», - деп атап көрсетті Қайыргелді Қабылдин.
ХКБ (Халықаралық Көрмелер Бюросы) бекіткен Тіркеу ісіне сәйкес, «Астана –ЭКСПО-2017» демеушілік бағдарламасы бойынша 147 млг. евро тартуы қажет. Демеушілік санаттары 10.000-нан 15 000 000 евроға дейін ауытқиды.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі