ЖҚЖК: 2016 жылдың соңына дейін 41 мың қазақстандық жұмыспен қамтылады

7 Қараша, 2016 11:57
2016 жылдың соңына дейін 41 мың қазақстандық жұмыспен қамтылады, деді ДСӘДМ басшысы Тамара Дүйсенова Мәжілістегі отырыста.

2016 жылы 5712 жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде 3607 жоба ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Үкіметтің арнайы резервінің қаражаты есебінен көзделуде, осы жобалар тұрғындар жиынының шешімі бойынша ең шалғай ауылдарда іске асырылады.

Жобалардың негізгі бөлігі – бұл жолдар мен білім беру нысандарын жөндеу. Өңірлер бөлінісінде жобалардың көбісі Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында іске асады.

«Көрсетілген жобаларда 41 мыңнан астам жұмыс орындарын құру көзделуде. Ағымдағы жылы Бағдарламаның бірінші бағытына барлығы 81,5 млрд. теңге бөлінді. Жұмыс кестесіне және қаржыландыру жоспарына сәйкес, әкімдіктер ағымдағы жылғы қараша-желтоқсан айларында бөлінген қаржаттарды толықтай игереді деп күтілуде, - деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

Бағдарламаның екінші бағытының мақсаты өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және жұмыссыздарға жеңілдік шарттарында шағын несие беру арқылы олардан дара кәсіпкерлерді қалыптастыру болып табылады.

«2016 жылы шағын несие беруге жалпы 30,8 млрд. теңге көзделген. Алдыңғы жылдардағы тәжірибе Бағдарламаға қатысушылардың шағын несиені ауыл шаруашылығында (79 %), оның ішінде басым бөлігін мал шаруашылығында пайдаланатындығын көрсетті, өйткені бұл ауылдықтар үшін ең түсінікті және қолжетімді бизнес.

Сондықтан, біз биыл тәсілдерді өзгерттік. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірігуді және жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін ашуды ынталандыру үшін несие мөлшерін 6 млн. теңгеге дейін ұлғайттық. Кооперация оларға жемдеу және өнімдерді өткізу мәселелерін бірлесіп шешуге, нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етуге және тиісінше ауылдастар үшін қосымша жұмыс орындарын құруға оң әсерін тигізді. Осы мақсаттарға жалпы бөлінген сомадан 10 млрд. теңге бағытталды, - деп мәлімдеді Тамара Дүйсенова.

 

Барлық жаңалықтар