• Басты
  • Жаңалықтар
  • «ЖҚЖК-2020» іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары 744 мыңнан астам адамға көрсетілді

«ЖҚЖК-2020» іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары 744 мыңнан астам адамға көрсетілді

7 Қараша, 2016 11:14
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы іске асырылған уақыттан бері 2011 жылдан 2016 жылға дейін мемлекеттік қолдау шаралары 744 мыңнан астам адамға көрсетілді. Оның ішінде 56 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Бұл туралы бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағаты барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

ҚР ДСӘДМ басшысы, осы кезеңде еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерінің сандық және сапалық жағынан оң серпіні байқалатынын атап өтті.

Жұмыс күші құрамының сапалық өзгерісі жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 6,3%-ға және жалдамалы жұмыскерлер саны 16,6%-ға өскенімен сипатталады. Жұмыссыздар саны 9%-ға төмендеді, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 14%-ға, ал өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар соңғы үш жылда үш есе азайды.  

«Бағдарлама іске асырылған уақыттан бері мемлекеттік қолдау шаралары 744 мыңнан астам адамға көрсетілген. Оның ішінде 563 мың адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты. Осы жылдың 9 айында бағдарламаға 146 мыңнан астам адам қатысты», - деді Тамара Дүйсенова.

Министр бірінші бағытта қарастырылған (жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен қамтамасыз ету) шаралар экономикалық дағдарыс кезінде әлемдік тәжірибеде өзін жақсы жағынан көрсеткен шараларды көздейтінін атап өтті.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар