- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте маңызды көпір пайдалануға берілді
Шымкентте маңызды көпір пайдалануға берілді
Өңір басшысы салтанатты шараға қатысушыларды темір жол үстінен өтетін өткелдің қайта құру жұмыстарының аяқталуымен құттықтап, жаңа нысанның ел игілігіне қызмет етуіне тілектестік білдірді.
«Елбасының тапсырмасына сәйкес, Шымкент еліміздің үшінші мегаполисіне айналуда. Ал мегаполис ұғымы халық санының артуымен өлшенбейтіні белгілі. Осы дәрежеге лайықты болу үшін барлық салада өсу және даму жоғары қарқын алуы қажет. Қаланың осы талаптарға сай болу бағытында бірқатар жұмыстар атқарып келеміз. Соның бір дәлелі - бүгінгі пайдалануға берілген көпір. Бұл - тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сүруіне ыңғайлы жағдай жасаудың көрінісі. Алдағы уақытта жол кептелісінің алдын алу мақсатында шаһардағы бірнеше жерден жолайрықтар салу экономикалық-әлеуметтік даму жоспарына енгізілді», - деді Ж.Түймебаев.
Айта кету керек, тоғыз жолдың торабында орналасқан көпір 1960 жылы салынған болатын. Бастапқыда ені 9 метр болған жүріс бөлігі қайта құру жұмыстарынан соң 21 метрге дейін кеңейді. Сондай-ақ, көпірдің жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, апатты жағдайы жойылды. Нәтижесінде, Төле би, Қапал батыр, Ақназар хан, Анаров көшелерінде көлік тығындары азайды.
Нысан жұмыстарына «Корпорация Береке А» ЖШС мердігерлік етсе, техникалық қадағалаушы болып «ЕрГарантСтрой» ЖШС, ал жобалаушы мекеме ретінде "Алматы Жоба" ЖШС мекемесі құрылыс жұмыстарын жүргізді. Қайта құру кезінде 100-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жалпы, облыс бойынша жыл басынан бері ұзындығы 800 шақырым болатын облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары және елді мекен көшелеріне күрделі және орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Салаға жауапты мамандардың айтуынша, жоғарыда аталған барлық көпірлер мен 664,7 шақырым жол (282 нысан) жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Оның ішінде, 17 көпір де бар.
-
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Л.Рамазанова: Жаһандық дағдарысты еңсеруде, экономиканы ілгерлетуде әйелдер маңызды рөл атқарады -
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді -
Қоғамдық бақылау мен азаматтық бақылауды күшейту маңызды – Алик Шпекбаев -
ИНФОГРАФИКА: ТМД-да тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші қандай -
Әлеуметтiк-экономикалық даму-2020: Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, сауда айналымы және инвестиция -
Қазақстанда өтетін сайлау Батыс үшін неге маңызды -
Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті -
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді -
Тоқаев: Ұлттық сенім кеңесі бір жылда маңыздылығын көрсете алды