- Басты
- Жаңалықтар
- Польша Қазақстан мен ЕО әріптестігі туралы келісімді ратификациялады – ҚР СІМ
Польша Қазақстан мен ЕО әріптестігі туралы келісімді ратификациялады – ҚР СІМ
Заң жобасының қосымша баяндамашысы - сенатор Гжегож Наперальский заң жобасын таныстыра отырып, Қазақстанның Орталық Азиядағы жоғары рөлін, Қазақстанның Тәуелсіздіктің 25 жылы ішіндегі саяси-экономикалық және индустриялық-инновациялық жетістіктерінің маңыздылығын, елдің жоғары халықаралық беделін, сондай-ақ қазақстан-еуропа және қазақстан-польша жан-жақты әріптестігің стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Депутат Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы тамыздағы Польшаға сапары өзара пайдалы қазақстан-польша ынтымақтастығын қалыптастырудың жүйелі және ұзақ мерзімді саясатының ашық мысалы болғанын атап өтті.
Негізгі әріптес ретінде Қазақстанның және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ерекше құрметтеу және мойындау белгісі ретінде Сенат Маршалы (спикер) Станислав Карчевский пленарлық отырысқа Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Абиболлаевты шақырып, дауыс беру қорытындылары бойынша оған Келісімді ратификациялау туралы Сенат қаулысының мәтінін салтанатты түрде табыстады.
Польшалық депутаттар Қазақстан Үкіметінің 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап польшалық азаматтар үшін визасыз режим енгізу және 2017 жылы Варшава мен Астана арасында тікелей әуе қатынасын ашу туралы шешімін шабыттана қабылдады. Екі елдің бизнес қарым-қатынастары да едәуір жанданып, ЭКСПО-2017 тұрғысында Астанада туризм саласындағы өзара іс-қимыл өсіп келеді, өзара тақырыптық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
Спикер Сената С. Карчевский Қазақстанды 25 жыл ішіндегі жетістіктерімен құттықтап, польшалық парламенттің Қазақстанның Еуроодақпен кеңейтілген әріптестігі мен ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялауы Варшаваның тиісті бағыттағы кезекті нақты қадамы болып табылатынын атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары