- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Сараевода мемлекеттік қызметке жаңа технологиялар енгізуді таныстырды (ФОТО)
Қазақстан Сараевода мемлекеттік қызметке жаңа технологиялар енгізуді таныстырды (ФОТО)
Семинар жұмысына Хабтың қатысушы-елдері – Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Литва, Молдова, Эстония, Босния және Герцеговина Федерациясы, Македония Федерациясының өкілетті органдарының өкілдері қатысты. Семинарда тек мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, халықаралық сарапшылар мен жаңа технологиялар саласындағы халықаралық ұйым өкілдері ойларын ортаға салды, деп хабарлады Қосымша ақпаратты Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың баспасөз қызметі.
Семинарды Босния және Герцеговина Федерациясының вице-президенті Мелика Махмутбегович, Босния және Герцеговина Федерациясының мемлекеттік қызмет істері бойынша Агенттік директоры Рефик Бегич пен Өңірлік хаб аппарат жетекшісі Ернар Жаркешов ашып, семинардың маңыздылығын атап өтті. Олар бұл шараны өткізу мемлекеттік қызметкерлерді сапалы іріктеу үшін заманауи технологиялар қолдануға ықпал ету қажеттілігінен туындағанын алға тартты.
Семинар барысында адам ресурстарын басқару саласына жаңа технологияларды енгізу бойынша Хабқа қатысушы-елдер, оның ішінде Қазақстанның озық тәжірибелері таныстырылды. Қазақстанның Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері «Е-kyzmet» ақпараттық персоналды басқару жүйесінің негізі қағидаттары жайлы баяндады.
Жиынға қатысушылар сонымен бірге Литваның мемлекеттік қызметкерлері реестрі мен ақпараттық жүйесін құру, Грузияның персоналды басқару электронды жүйесі, Молдованың адам ресурстарын басқаруға арналған IT-жүйесін құру механизмдері мен басқа да озық тәжірибелермен танысты. Семинарға қатысушылар семинар «теңмен тең» форматында өзара тәжірибе алмасуға, білімдерін жетілдіріп, әріптестік қарым-қатынастарын нығайтуға септігін тигізгенін атап өтті.
Қазіргі таңда Астана хабы құрамы ЭЫДҰ, ТМД, ASEAN елдері кіретін 36 мемлекетке кеңейген. Хаб Қазақстан Үкіметі және БҰҰ Даму Бағдарламасы бастамасымен аймақ елдерінің мемлекеттік қызмет саласында тұрақты білім және тәжірибе алмасуы үшін құрылған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты