- Басты
- Жаңалықтар
- Энергетика министрлігі: 2016 жылдың 9 айында Қазақстанда ЖЭК 80 пайызды құрады
Энергетика министрлігі: 2016 жылдың 9 айында Қазақстанда ЖЭК 80 пайызды құрады
«Қазіргі кезде Қазақстанның жалпы генерациясында жаңаратын энергия көздерінің үлесі 0,9 пайызды ғана құрап отыр. Осы ретте алғашында жарты пайыздан бастағанымызды еске салған жөн. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша жаңаратын көздермен энергия өндірудің өсімі 177 пайызды құрады. Бүгінде Қазақстанда жалпы қуаты 258 мегаваттық жаңаратын энергия көздерінің 48 нысаны жұмыс істеуде», - деді ол.
«2015 жылы жиынтық қуаты 120 мегаваттық 14 жоба іске асырылған еді. Биыл Алматы, Ақтөбе және басқада өңірлерде тоғыздан астам нысан іске қосылады. Бүгінде 57 энергия өндіретін ұйымдарымен және КЕГОК компаниясының есептік-қаржылық орталығымен келісімдер бекітіліп, осы нысандар қазіргі кезде түрлі даярлық кезеңінде тұр. Егер де бұл нысандар пайдалануға берілген жағдайда, 1 606 мегаватт қамтылады. Осы ретте біз 2020 жылға қарай қойылған мақсатты ерте орындаймыз»,-дедіҚ. Бозымбаев.
Министр жаңаратын энергия көздері елімізге қажет екенін, алайда қазіргі кезеңде оның құны қымбат екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңмен іске асырылатын болады.
«2020-2025 жылдардан кейін жаңаратын энергия көздері нысандарында электр энергиясын өндіру айтарлықтай арзандайды деп күтілуде. Сонымен қатар оның өзіндік құны дәстүрлі энергия көздерімен теңесуі ықтимал»,-деді министр.
«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі бойынша қабылданған Тұжырымдамаға сәйкес мемлекет электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде күн және жел электр станциясының үлесін 2020 жылға қарай 3%-ға дейін және 2030 жылға қарай 10%-ға дейін жеткізу туралы мақсат қойды. Осы міндетті орындау мақсатында «KEGOC» АҚ «ЖЭК қолдау бойынша есептік-қаржы орталығы» ЖШС құрылды, ол күн және жел электр станциялары өндіретін электр энергиясының бәрін орталықтандырылған түрде сатып алады», - деді ол.
Индира Кауметова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады