ШҚО-да жыл соңына дейін 35 көпқабатты үйді пайдалануға береді

5 Қараша, 2016 12:39
Шығыс Қазақстан облысында жыл қорытындысы бойынша 35 көпқабатты үйді пайдалануға беру жоспарланған, деді облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов аппараттық кеңес барысында.

Ол айтқандай, пайдалануға берілетін үйлер несиелік, жалға беру, коммерциялық, жеке деп бөлінеді.

«Қаржыландырудың барлық көздерінің есебінен облыста 720 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы жүруде.Алдын ала мәлімет бойынша,биылғы жылдың желтоқсанында  63 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі», - деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, оң статистикаға қарамастан проблеалық жағдайлар да бар. Мәселен, 2 несиелік тұрғын үй бойынша кестеден қалу байқалған. Бұл үйлердің құрылысы қараша айында пайдалануға беріледі.

«Құрылыс келісім шарты жасалып, қаражат төленсе де жұмыс жалғаспай жатыр», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар