• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісте экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша заңнамалық түзетулер қаралады

Мәжілісте экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша заңнамалық түзетулер қаралады

4 Қараша, 2016 17:54
Спикер Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс бюросының отырысы өтті, онда палатаның алдағы пленарлық отырысының мәселелері айқындалды.

Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер екінші оқылуында депутаттардың талқылауына енгізіледі, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Күн тәртібінің жобасы Мәжіліске түскен жаңа заң жобаларын да қамтиды, олар бойынша палата бейінді комитеттерге қорытындылар дайындау мерзімін белгілеу қажет. Бұл жарнама мәселелері бойынша, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт мәселелеріне қатысты заңнамалық түзету жобалары. Мұнда мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша ұсынылатын заңнамалық жаңалықтар да бар. 

Барлық жаңалықтар