• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Мемлекеттік хатшысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің форумына қатысты (ФОТО)

ҚР Мемлекеттік хатшысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің форумына қатысты (ФОТО)

4 Қараша, 2016 17:36
Талдықорғанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік негізі – Қоғамдық келісім» атты республикалық форумы өтті

Форум жұмысына Бақытбек Смағұл және Юрий Тимощенко, ҚХА мүшелері және өңірлердегі Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің және БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлады «Қоғамдық Келісім» РММ баспасөз қызметі.

Форум қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде  Г.Әбдіқалықова қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамыту бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері жүргізетін жұмыстың маңызын, Қоғамдық келісім кеңестері ҚХА Төрағасы – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылғанын атап көрсетті.    Қоғамдық келісім кеңестерінің міндеті мемлекеттік реформаларды іске асырудың басты шарттарының бірі ретінде тұрақтылықты, азаматтық татулықты, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту болып табылады.  

Форумда Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарының Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмыс тәжірибелері, Ассамблеяның Аналар кеңестерімен,  медиация институттарымен өзара іс-қимыл жасаудың негізгі бағыттары және басқа мәселелер қаралды.

Кеңестердің қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы және халықтың өзекті мәселелерін шешудегі қоғамдық бақылау тетігі ретіндегі рөлін арттыруға бағытталған ұсыныстар тұжырымдалды. 

Барлық жаңалықтар