• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

4 Қараша, 2016 15:39
Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Қазақстан пен Қырғызстан президенттері алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде 2017 жылдың бірінші тоқсанында Түркі тілдес мемлекеттер кеңесінің кезекті саммитін өткізу жайын қарастырды.

Барлық жаңалықтар