• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Словакия сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін іскерлік кеңес құрады

Қазақстан мен Словакия сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін іскерлік кеңес құрады

4 Қараша, 2016 15:28
Қазақстан мен Словакия сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін іскерлік кеңес құрады, себебі сауда көлемі әлі де аз болып отыр.

«Біз келіссөздер өткіздік, Лайчак мырза  білікті делегациямен келді. Таңертеңнен бастап  Мемлекет басшысымен  маңызды саяси кездесу өтті. Мемлекет басшысы  біздің елдер арасындағы достастық қарым-қатынасты атап өтті.  Словакияға  2007 жылы жасаған сапары мен  словакиялық жетекшілердің  2010 жылы  елге жасаған сапарларын жылулықпен еске алды», - деді Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

Е.Ыдырысовтың айтуынша, Словакия мен  Қазақстанның   саяси дәрежеде  барлық халықаралық істер бойынша көзқарастары ұқсас. Словакия да Қазақстан сияқты  бейбітшілік пен келісімнің нығаюын  қолдайтын ел.

«Біз сауда-экономикалық ынтымақтастықты маңызды белсенділікке шығару үшін  жұмыс істеп жатырмыз, Өкінішке қарай,  сауда көлемі үлкен емес.  Бірақ әлеует жақсы. Словакияның  өңдеу өнеркәсібі мен индустриялды әлеуеті жоғары.  Оның ішінде жоғары технологиялы көліктер мен құрылғы саласында өте жоғары. Біз жақын арада сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін  іскерлік кеңес құруға келістік», - деді ол.

«Бүгін Лайчик мырза  Елбасына Словакия премьер-министрінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы ресми хатын табыстады», - деді Е.Ыдырысов. 

Барлық жаңалықтар