• Басты
  • Жаңалықтар
  • Словакияның СІМ Қазақстан үшін визалық режимді оңайлатуды қолдайды (ФОТО)

Словакияның СІМ Қазақстан үшін визалық режимді оңайлатуды қолдайды (ФОТО)

4 Қараша, 2016 15:16
Словакия Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан үшін визалық режимді оңайлатуды қолдады. Словакия Республикасының сыртқы және еуропалық істер министрінің айтуы бойынша, бұл мәселе ЕО аясында белсенді түрде талқыланғаннан кейін шешіледі.

«Визаларды оңайлатуға келетін болсақ, ЕО-ның бірлескен шет елге шығу саясаты бар екенін білесіздер, сондықтан біз бірлескен ұстаным туралы ЕО ішінде келісіп алуымыз қажет. Ал Словакия визалық міндеттемені оңайлатуды қолдайды. Біз оны шешілуі тиіс кедергі деп санаймыз. Бұл туралы ЕО ішінде сөз қозғалды. Біз қазіргі уақытта бұл мәселені одан әрі жылжыту үшін өзіміздің төрағалық етуші рөлімізді пайдаланып отырмыз», - деді Словакия Республикасының сыртқы және еуропалық істер министрі Мирослава Лайчак ҚР СІМ-де өткен екіжақты келіссөздердің қорытындылары бойынша.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, М. Лайчак ірі державалар арасындағы санкциялар саясатына және басқа да саяси проблемаларға қатысты өз ұстанымын білдірді. Министрдің ойынша, «келіспеушіліктерді сұхбаттасу арқылы шешу қажет».

Сурет Бауыржан Жуасбаев

Барлық жаңалықтар