• Басты
  • Алматыдағы семинарда Универсиада уақытында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқылануда (ФОТО)
4 Қараша, 2016 16:39

Алматыдағы семинарда Универсиада уақытында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқылануда (ФОТО)

Ішкі істер министрлігі ЕҚЫҰ-мен біріге, Германия Федеративтік Республикасы үкіметінің қаржылай көмегімен, Нидерланды Корольдігінің сарапшыларымен бірге бұқаралық шараларды басқару мəселелері бойынша құқық қорғау органдарына арналған үш күндік семинар өткізуде.
Алматыдағы семинарда   Универсиада уақытында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқылануда (ФОТО)

Семинарлардың  негізгі бағыттары 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау. Бұл туралы ЕҚЫҰ бағдарлама офисінің офицері  Колин Маккалоу айтты. Ол өз сөзінде семинарлар тақырыбын ресурстарды басқару бойынша халықаралық стандарттар,  кіргізу режимін ұйымдастыру,  азаматтарды эвакуациялау, нысандарда терроризмнің алдын-алу турасында болмақ.  Сондай-ақ, Колин Маккалоу аталған семинарлар 2017 жылғы қысқы Универсиадада жұмылдырылатын құқық қорғау қызметкерлері үшін аса маңызды екенін алға тартты, деп хабарлады Универсиада дирекциясы.

«Полицейлерді даярлау 2017 жылғы қысқы Универсиада алдында үлкен маңызға ие. Құқық қорғау органдарының мойнына артылатын жүк ауыр. Олар Универсиада кезінде халықтың қауіпсіздігіне жауапты болады. Бұл тренингтер олардың біліктілігін арттырады. Кез-келген қауіптің бетін қайтару жөнінде өз тәжірибемізбен бөлісеміз», - деді Колин Маккалоу.

2017 жылғы Универсиада Қазақстан үшін 25 жылдық тарихындағы ірі, мультиспорттық шара болып есептеледі. Осы орайда, қаланың ішкі істер департаменті үшін ойындар уақытында қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндет»,- деп атап өтті Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров.

«28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада қарсаңында ішкі істер департаменті  жарысқа келетін қатысушылар мен қонақтар үшін Алматы қауіпсіз әрі жайлы болу үшін қыруар жұмыстар атқаруда.  Осы мақсатта, барлығы есеп бойынша,Универсиаданың әр нысанында қызмет ететін қызметкерлерді тағайындау жүзеге асуда.  Біз спорттық доданың жоғарғы  халықаралық дәрежеде өтетініне кепілдік бере аламыз»,- деді Ізбасар Бектұров.

Қорытындысында, 2017 жылғы Алматыдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы ұйымдастыру мен өткізу бойынша дирекциясы директорының орынбасары Руслан Асаубаев қысқы студенттер ойынының сәтті өтетініне сенім білдірді.

«2017 жылғы Универсиаданы өткізу Қазақстаннның бүкіл тарихындағы айтулы шара болып есептеледі. Біздер үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Қазіргі таңда ұйымдастыру комитеті Универсиаданы сәтті өткізу үшін барын салып жатыр. Үкімет мен әкімдік, басқа да мекемелер жұдырықтай жұмылып, 2017 жылғы қысқы Универсиаданы абыроймен өткізері анық», -деді  Руслан Асаубаев.



 

Барлық жаңалықтар