- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев пен М.Лайчак Қазақстан мен Словакия қарым-қатынасын жандандыру мәселелерін талқылады
Н.Назарбаев пен М.Лайчак Қазақстан мен Словакия қарым-қатынасын жандандыру мәселелерін талқылады
Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты жандандыру, саяси және экономикалық саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 24 жыл толғанын айтты.
«Биыл Словакия Еуропалық одаққа төрағалық етіп, Братиславада одақтың саммитін өткізді. Бұл Словакия Республикасының Еуроодақ құрамында қарқынды дамып келе жатқанын білдіреді», – деді Елбасы.
Қазақстан Президенті республикамыздың тауар айналымының жартысына жуығын қамтитын ЕО-мен арадағы ауқымды экономикалық байланыстарға тоқталып өтті.
«Біз Еуропалық одақпен ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойдық және оны сіздер қолдайды деп үміттенеміз. Осы құжаттың ратификацияланғаны үшін алғыс білдіремін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды жандандыру қажеттігін айтып өтті.
«Бүгінде Қазақстанда индустриялық-инновациялық бағдарлама іске асырылып, өңдеу саласын дамыту үшін экономика әртараптандырылып, жекешелендіру жүргізілуде», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Словакияның Сыртқы және Еуропа істері министрі Мемлекет басшысын Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен және республиканың осы уақыт ішінде жеткен жетістіктерімен құттықтады.
«Елдегі саяси тұрақтылықтың, экономикалық және әлеуметтік дамудың арқасында Қазақстан Орталық Азия өңірінің көшбасшысына айналды. Біз елдеріңізбен барынша жақсы қарым-қатынаста болып, ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделіміз. Бұл – менің сапарымның басты мақсатының бірі», – деді М.Лайчак.
Министр өзімен бірге келген кәсіпкерлер делегациясының өкілдері туралы да айтып өтті.
«Словакия бизнесмендері дәл қазір Қазақстандағы әріптестерімен кездесулер өткізіп жатыр. Мұндай басқосулардың басты міндеті – мемлекеттер арасындағы тауар айналымы көлемін арттыру», – деді М.Лайчак.
Сонымен бірге, Словакияның Сыртқы және Еуропа істері министрі Қазақстанның Еуропалық одақпен қарым-қатынасын жаңа сапалы деңгейге көтерудің маңыздылығын айтты.
Бұдан бөлек, М.Лайчак өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді реттеудегі еліміздің аса маңызды рөлін атап өтіп, оның мәні республикамыздың БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне алдағы мүшелігіне байланысты арта түскенін жеткізді.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті бұл сапар мемлекеттеріміздің екіжақты қарым-қатынасының дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына сенім білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары