Е.Ыдырысов Киевте ЕЫҚҰ СІМК жұмысына қатысты

7 Желтоқсан, 2013 11:02
5-6 желтоқсанда ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Еуропа ынтымақстастық және қауіпсіздік ұйымы елдерінің Сыртқы істер министрлер кеңесінің 20-шы жұмысына қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Еуропа ынтымақстастық және қауіпсіздік ұйымы елдерінің Сыртқы істер министрлер кеңесінің 20-шы жұмысына қатыса отырып Е.Ыдырысов Қазақстанның Ұйымдағы басым мақсатымен таныстырды. Сонымен қатар Ұйым өкілдерінің бір ауыздан қабылдаған Астанадағы ЕЫҚҰ Саммитінің тарихи құжатында көрсетілген Декларацияда қабылданған шараларды іске асыруға шақырды», - делінген хабарламада.

ҚР Сыртқы істер министрі әякери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық бағыттардағы әріптестік мәселелеріне тоқталып, Ауғанстанның тұрақтылығындағы әлеуметтік және экономикалық көмек көрсетуде халықаралық қауымдастықтың маңызын атады.

Сонымен қатар Е.Ыдырысов ЕЫҚҰ-на мүше елдеріне бірдей деңгейде адам құндылығының тұрақты дамуы үшін ЕЫҚҰ тиімділігін арттыру керектігін айтты. Және де ол «шиеленіскен жағдайларды» шешуде тізе қосып ұйымға мүше елдердің бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға шақырды.

«Сыртқы істер министрлері Кеңесінің алаңында ҚР Сыртқы істер министрі ЕЫҚҰ Бас хатшысы Ламберто Занньермен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Джеффри Фельдманмен және өзге де 20-дан астам тұлғаармен екіжақты кездесу ұйымдастырды», - деп нақтыланған хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар