ЕЭК-те алдын ала ақпараттандыру бойынша шешімді әзірлеуге кірісті

5 Қараша, 2016 10:03
Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік реттеу инфрақұрылым департаменті ұйымдастырған отырыста Одақ аумағына көлікпен әкелінетін тауарлар туралы алдын-ала ақпарат беруге байланысты мәселелер талқыланды.

 «Біз биыл ЕАЭО Кедендік кодексінің қабылдануын күтіп жүрміз, жобағда алдын ала ақпарат беруді  нормасын жетілдіру қарастырылған.  Жаңа кодекс жобасы  дайындықтың жоғарғы сатысында тұр. Сондықтан нормативтік-құқықтық актілерді дайындап, кодекс әлеуетін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді», - деді ЕЭК Кедендік инфрақұрылым  департаментінің  кедендік ақпараттық технологиялар бөлімі басшысының орынбасары Алексей Гавричев.

Технологияларды іске асыру үшін қажетті жағдайлар айқындалды. Сценарийлердің нұсқалары әзірленді, оның барысында автоматты түрде тіркеген және автоматты түрде шығарған кезде кеден органының ақпараттық жүйесі шешім қабылдаған кезде жауапкершілік кімге жүктеледі деген сұраққа жауап берілетін болады.

Тауарларға арналған декларацияларды беру және тіркеу шарттарын автоматты түрде тіркеудің, тауарларға арналған декларацияларды автоматты түрде тіркеген кезде бақылаудың бірқатар түрлерін жүргізу, тауарларды автоматты түрде шығару мақсатында кедендік рәсімдерді таңдаудың артықшылығын және тауарларды кедендік декларациялаудың ерекшеліктерін ескере отырып, мәлімделген кедендік рәсімге сыйғызу жағдайын сақтаудың бірегейлендірілген алгоритмдері әзірленді.

Атап айтқанда, ҒЗЖ барысында деректерді іске асыру мәселелері бойынша Одақ мемлекеттерінің әрқайсысында нормативтік базаларға талдаулар жүргізілді. Соның ішінде, ЕАЭО Кеден кодексінің жобасын ескере отырып, ақпараттық жүйелерді пайдаланған кезде кедендік операциялар жүргізудің заңи мәнін қамтамасыз етуге қатысты жүргізілді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар