- Басты
- Жаңалықтар
- Алматының қонақ үйлері мен мейрамханалары Универсиада-2017-нің құрметті серіктесі мәртебесіне ие бола алады
Алматының қонақ үйлері мен мейрамханалары Универсиада-2017-нің құрметті серіктесі мәртебесіне ие бола алады
Алматыда барлығы 137 қонақ үй және 2000-ға жуық қоғамдық тамақтандыру мекемесі қызмет етеді. Бағдарлама аясында қонақ үйлер, кафе мен мейрамханалар Универсиаданың құрметті серіктесі деген мәртебеге ие бола алады. Бұл үшін мекемелер нақты бір өлшемдерге сәйкестігі жағынан іріктеуден өтуі керек болады. Алматы қаласының Туризм және сыртқы байланыстар жөніндегі басқарма басшысы Тимур Дүйсенғалиев Универсиада серіктесін таңдау бағдарламасы 7 қарашада іске қосылатындығы жөнінде хабарлады. Бағдарламаға қатысу не қатыспау - мекеменің өз еркінде деп баса атап өтті басқарма басшысы.
«Бұл толығымен ерікті іс. Біз Универсиаданы туризм саласында қызмет етіп отырған кәсіпорындардың кірісін арттыруға арналған мүмкіндік ретінде қарастырып отырмыз. Бағалау комиссиясына туризм саласының, билік және қоғам өкілдері кіретін болады. Бұл өзінше бір сапа белгісіне айналмақ», - деді Дүйсенғалиев мырза.
Бағалау өлшемдерін Қазақстан Туризм қауымдастығы Алматының мейрамхана иелері альянсымен бірлесе дайындады. Өтінімдердің шарттары мен үлгілері Алматы туризм басқармасының сайтында жарияланатын болады.
Универсиада дирекциясының басшысы Наиль Нуров түсіндіргендей, үлкен-кішілі кез келген қонақ үй, мейрамхана немесе дәмхана мәртебесіне қарамастан бағдарламаға қатыса алады. «Универсиада студенттер арасындағы ойын болғандықтан, кең жұртшылыққа барынша қолжетімді болуымен ерекшеленеді. Сондықтан біз бес жұлдызды қонақ үйлерге емес, бірінші кезекте, бюджеттік қонақ үйлер мен хостелдерге, қымбат емес кафелерге айрықша мән беріп отырмыз. Есігіміз түгелдей барлығы үшін ашық. Ең бастысы – бәрі барынша қауіпсіз әрі сапалы, таза, көрікті және ыңғайлы болуы тиіс», - деп атап өтті Наиль Нуров.
Сондай-ақ, ол Универсиада серіктестеріне арнайы тақташа мен сертификат берілетіндігін хабарлады, олар Универсиада бейнелемесін бөлме-жайларды безендіру кезінде қолдана алады. Ұйымдастыру комитеті қонақ үйлер мен мейрамханалардың мәліметтерін Ойындар кезінде баруға ұсынылған мекемелер ретінде Атлеттер ауылында тұрып жатқан спорт делегация мүшелері арасында таратылатын ресми жолсілтемеге енгізетін болады. Демек, құрметті мәртебеге ие болумен қатар, серіктестер 2017 жылдың 27 қаңтарынан бастап 8 ақпанына дейінгі аралықта Алматыда өтетін Универсиада күндері көптеген келушілерді қабылдауға мүмкіндік алмақ. Ұйымдастырушылар Алматыға 5 мыңға жуық спортшы және делегация мүшесі, сондай-ақ, дүниежүзінің әртүрлі аймақтарынан 30 мыңға дейін турист келеді деп күтуде.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері