- Басты
- Жаңалықтар
- БҰҰ бөлімшесі Н.Назарбаевтың жасыл технологияларды ілгерілету бойынша халықаралық хаб құру жөніндегі идеясын қолдайды (ФОТО)
БҰҰ бөлімшесі Н.Назарбаевтың жасыл технологияларды ілгерілету бойынша халықаралық хаб құру жөніндегі идеясын қолдайды (ФОТО)
Ахметжан Есімов көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбының ЮНЕП айналысатын мәселелермен үндестігін атап өтті - ол қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруімен күрес, атмосфераға шығарылатын зиянды заттар көлемін қысқарту және экология мәселелерін шешу.
«Көрмеге халықаралық қоғамдастық тарапынан қызығушылық жоғары. ЭКСПО көрмесіне 17 халықаралық ұйым қатысады және олардың арасындағы жетеуі БҰҰ-ның ұйымдары – олар ЮНИДО, ЮНЕСКО, МАГАТЭ, ПРООН, ЭСКАТО, ЮНИСЕФ, Баршаға арналған тұрақты энергетика ұйымы және т.б. Олардың барлығы халықаралық ұйымдар плазасында орналастырылатын болады. Егер Сіздер қаласаңыздар осы павильоннан орын ұсынуға әзірміз», - деді Ахметжан Есімов.
ЮНЕП-тің Еуропа бойынша өңірлік бюросының директоры Ян Дусиктің айтуы бойынша, ЭКСПО-2017 көрмесіне «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдап алу тұрақты энергетикаға көшу тұрғысынан өте уақытылы болып табылады. Ұйымның осы тақырыпты Миландағы ЭКСПО-2015 көрмесінде ілгерілету тәжірибесі бар. Онда ЮНЕП қоршаған ортаны қорғаудың жаһандық күнін өткізуге бастамашылық етті, сонымен қатар ең тұрақты және жасыл павильон байқауын өткізді. Осындай іс-шаралар Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесінде де орын ала алады.
«Сонымен бірге біз Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы базасында ұзақ мерзімдік ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырудамыз, бұл идеяны Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясында көтерген болатын. Сондай-ақ, біз көрме аяқталғаннан кейін де бірлескен жұмысты жалғастырамыз деп сенеміз», - деп қорытындылады сөзін Дусик.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек