• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодарда «Ақылды жедел жәрдем» қанатқақты жобасының нәтижесі таныстырылды

Павлодарда «Ақылды жедел жәрдем» қанатқақты жобасының нәтижесі таныстырылды

7 Желтоқсан, 2013 10:45
Қазақстандағы жедел жәрдем қызметі мен санитарлық авиация қызметін жетілдіру мен дамытуға арналған сыртқы жиын барысында Астана мен Алматы қалаларындағы және Павлодар облысындағы «Ақылды жедел жәрдем» қанатқақты жобасының нәтижесі таныстырылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Жиын барысында Павлодар облысының әкіі Е.Арын аталмыш жобаны іске асыру аясында жедел жәрдем қызметі бригадасының жұмыс жеделдігі 96 пайызға дейін артқан», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар облыста әуе санитарлық автотранспорты жұмысы жанданып, медициналық нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарып, дәрігер тапшылығы мәселесі шешімін табуда.

«Өңірімізде кадр тапшылығы 173-тен 15-ке дейін төмендеді»,- деді Е.Арын.

Облыс басшысының айтуынша, өңірде трансплантацияға мұқтаж науқастар саны күн санап өсіп келуде. Емнің құнының қымбат болуына байланысты Е.Арын денсаулық сақтау вице-министрінен республикалық бюджет арқылы тұрғындардың қажетті дәрі-дәрмегін алып аталмыш мәселені шешуді сұрады.

 

Барлық жаңалықтар