• Басты
  • Жаңалықтар
  • ПІБ медициналық орталығы дәстүрлі қытай медицинасының тәжірибесін қабылдауды көздейді (ФОТО)

ПІБ медициналық орталығы дәстүрлі қытай медицинасының тәжірибесін қабылдауды көздейді (ФОТО)

4 Қараша, 2016 09:52
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық орталығы, Beijing Tong Ren Tang Europe Holding B.V. корпорациясы және «СИТИК КАЗАХСТАН» ЖШС денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі.

Меморандумның мақсаты денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту болып табылады.  

Қатысушылар ұйымдардың практикалық қызметіне диагностика мен емдеудің анағұрлым тиімді әдістерін енгізу бойынша жәрдемдесу; денсаулық сақтау, дәстүрлі қытай медицинасы және аралас бағыттар саласында қызметкерлерді оқытудың бірлескен жобаларын ұйымдастыру; медицина және басқа мамандармен алмасу бағыттары бойынша денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері бойынша ынтымақтастық жасауды көздейді.

Сондай-ақ, шеберлік сабақтарын, ғылыми-практикалық конференциялар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыс жоспарлануда.

Барлық жаңалықтар