- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев: ҚХР Қазақстанның негізгі инвесторы
Н. Назарбаев: ҚХР Қазақстанның негізгі инвесторы
Кездесуде Елбасының ҚХР-ға биылғы қыркүйектегі жұмыс сапары барысында қол жеткізілген Қазақстан мен Қытай арасындағы уағдаластықтардың іске асырылу мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Қытайдың маңызды стратегиялық серіктесіміз екенін атап өтіп, екі елдің қалыптасқан өзара қарым-қатынасын басқалар үшін үлгі деп санайтынын айтты.
«Өткен жолғы Қазақстанға сапарыңызда Сіз экономикалық ынтымақтастықтың бағдарламасын ұсынған едіңіз. Бұл бағдарлама аясында бірқатар келісімдерге қол қойылып, бүгінде іске асырыла бастады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті қыркүйекте екіжақты қарым-қатынастың және халықаралық күн тәртібінің кең ауқымды мәселелері талқыланғанын еске салды.
«Сапар барысында жалпы құны 20 млрд доллардан асатын 51 жоба бойынша уағдаластыққа қол жеткіздік. Яғни, Қытай Халық республикасы біздің негізгі инвесторымыз болып саналады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ли Кэцян Қазақстанға шақырғаны үшін Елбасыға алғыс айтып, оның сапары елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық мәні мен достық сипатын көрсететінін жеткізді.
Қытай Премьер-Министрі сондай-ақ ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді Қазақстанға шақырғаны үшін де Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.
«Біз алдағы уақытта да жоғары деңгейдегі байланыстарымызды жалғастыруға ниеттіміз. Өйткені ол өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді», – деді Ли Кэцян.
Екі ел арасындағы келісімдердің табысты жүзеге асуының жарқын мысалы ретінде Ли Кэцян автомобиль құрастыру жөніндегі индустриалды ынтымақтастық жобасын атады.
Мемлекет басшысы осы кәсіпорында болған кезде елімізде алғаш рет құрастырылған электромобильді өзі жүргізіп көргенін айтты.
Қазақстан Президенті тараптар қол жеткізген уағдаластықтардың орындалуы оң қарқын алып отырғанына назар аударды.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев қабылданған барлық жобалар сапалы түрде және инновациялық деңгейде іске асырылатынына сенім білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады