- Басты
- Жаңалықтар
- Италияның Фриули-Венеция-Джулия өңірі ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға қызығушылық танытты
Италияның Фриули-Венеция-Джулия өңірі ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға қызығушылық танытты
Ұлттық компания басшысы шетелдік қонақтарды Көрмені дайындау барысы жөнінен хабардар етті. Атап айтқанда, ол көрмеге қатысушы шет елдердің өкілдеріне алғашқы бес павильон мен тұрғын жайлардың табысталғандығы туралы айтты.
А.Есімов қонақтарға бүгінде ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу бойынша үлкен дайындық жұмысы жүргізіліп жатқандығын, нысандардың құрылысы аяқталуда екендігін және көрменің мазмұндық бөлігі ойластырылып, көрмеге келушілерді тарту бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатқандығын хабарлады.
«Егер сіздердің өңірлеріңізден көрмеге келетін туристер болып жатса, біз оған өте қуанамыз. Италиямен бізде мемлекеттік және өңірлік деңгейде өте жақсы өзара қарым-қатынас орнатылған. Біз Миландағы ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырушылық комитетімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқардық және мен Джузеппе Сала мырзамен бірнеше мәрте кездестім. Біз сіздермен одан әрі ынтымақтастыққа дайынбыз», - деді Ахметжан Есімов.
Фриули-Венеция-Джулия өңірінің Президенті Дебора Серраккиани ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстыру үшін облыстың әлеуеті туралы әңгімеледі. Өңір Италияның 20 жерлерінің арасындағы халықаралық ынтымақтастық үшін үлкен мүмкіндіктері бар автономиялық бестікке енеді.
«Біз ЭКСПО-2017 көрмесінің энергетика тұрғысынан толтырылымы қандай болатындығын білуге және біздің көрмеде не көрсететінімізді шешуге өте қызығудамыз. Біздің өңірде жоғары оқу орындары мен ғылыми институттар көп. Олар Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесінде өз жетістіктерін көрсете алар еді», - деп атап өтті Дебора Серраккиани.
Фриули-Венеция-Джулия өзінің Удина университеті базасындағы дамыған ғылыми-зерттеу кластерімен, қалаларды басқару сандық технологияларымен, мәдени дәстүрлерімен, аграрлық азық-түлік кешенімен, машина жасау саласымен, сонымен қатар шарап өндірісі бойынша инновациялық технологияларымен атақты.
Бүгінгі күнге көрмеге қатысатындықтарын 105 ел, 17 халықаралық ұйым растады, 88 қатысу келісімшартына қол қойылды. Италия Республикасы көрмеге қатысатындықтарын растаған, шартқа қол қойған және ұлттық павильон комиссарын тағайындаған алғашқы елдердің бірі болды.
-
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
ТДМ: «3.2.1. Старт!» жастар жобасына қалай қатысуға болады, талаптары қандай -
Astana Hub: Инвесторларға арналған курсқа қалай қатысуға болады -
Биыл Қызылорда өңірінде 88,2 мың гектарға күріш егіледі -
Жұмысқа деген қызығушылық басым болу керек, онсыз қиын болады – Ж.Ташмаханова -
Birgemiz: Bilim: Қазақстанның барлық өңірі қамтылады -
"Рухани жаңғыру" бағдарламасына қызығушылық артып келеді - саясаттанушы -
Біз бүгін Азияның шын мәнінде ХХІ ғасыр өңіріне айналғанын көріп отырмыз. Әлемдік Ішкі жалпы өнімнің 28 пайызы осында шоғырланған және бұл көрсеткіш арта береді. -
Қазақстанның 9 өңірінде еңбек өнімділігі өсті – министр -
Елбасы еліміздің солтүстік өңірін аралап қайтты -
Ақтөбе өңірінде дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылар саны үштен бірге азайған -
Н.Назарбаевқа «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық барысы жөнінде баяндалды -
Б.Сағынтаев Жезқазған өңірінің жұртшылығымен кездесті -
Қ.Бозымбаев Әбу-Дабиде инвесторларды ЖЭК аукциондарына қатысуға шақырды