• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Төтенше жағдайлар министріне ШҚО-да құтқару қызметінің жаңа технологиясы ұсынылды

ҚР Төтенше жағдайлар министріне ШҚО-да құтқару қызметінің жаңа технологиясы ұсынылды

7 Желтоқсан, 2013 10:12
Кеше, 6 желтоқсанда ҚР төтенше жағдайлар министрі В.Божко Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

«Министр спорттық манежге барып, онда Өскенменде өтіп жатқан өрт-құтқару жарысының жас спортшыларымен кездесті. Сонымен қатар ол Күшпен және құралмен жедел басқару орталығында болып, соңғы уақытта облыста жиі қолданысқа түсіп жатқан автоматты мониторинг, жаңа байланыс құралдарымен танысты», - делінген хабарламада.  

Бұдан бөлек министр кезекті офицерлік атағын алып жатқан сала қызметкерлеріне пагон тақты.

ШҚО жасаған сапары барысында В.Божко кәсіби дайындау мектебінде де болып, интерактивті дайындық, электронды кітапхана мен өзге де замауи қондырғылармен жарақтандырылған мектептің қызметіне қаныс\қ болды.

Сонымен қатар министр облыстың жедел қызмет пен техникалық қызмет дайындығын тамашалады.

 

Барлық жаңалықтар