- Басты
- Жаңалықтар
- Егер елде ақпаратқа қол жеткізу туралы заң жұмыс істемесе, Қазақстан бірқатар мақсаттарға қол жеткізе алмайды – сарапшы
Егер елде ақпаратқа қол жеткізу туралы заң жұмыс істемесе, Қазақстан бірқатар мақсаттарға қол жеткізе алмайды – сарапшы
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң қабылданған сәттен бері бір жыл ғана өтті. Осы жыл ішінде Халықаралық коммерциялық емес құқық орталығын, Интерньюс Қазақстан, Құқықтық саясатты зерттеу орталығын және бірқатар басқа да ұйымдарды қоса алғандағы ҮЕҰ тобы ЕҚЫҰ және БҰҰДБ-мен бірлесіп, сондай-ақ Парламент Мәжілісінің, министрліктердің қолдауымен мемлекеттік қызметшілер мен ҮЕҰ өкілдерін ғана емес, сонымен қатар БАҚ-ты, азаматтық белсенділер тобын, соның ішінде әр түрлі өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелерін де оқыту жүргізілген тренингтер өткізілді», - деп ақпарат берді Г. Кужукеева.
Сарапшы атап өткендей, тренинг қорытындылары бойынша ақпарат иеленушілердің де және оларды алушылардың да нашар хабардарлығы; заң талаптарының сақталуын бақылаудың болмауы, сондай-ақ халықты мемлекеттік органдар қызметі туралы ақпараттандыру жөніндегі жалпы әдістеменің, қағидалардың болмауы сияқты бірқатар ашық проблемалар анықталды.
Осыған байланысты, Г. Кужукеева елімізде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң тиісті деңгейде жұмыс істемесе, Қазақстан қандай мақсаттарға қол жеткізе алмайтыны туралы болжам ұсынды.
«Қазақстан Стамбул сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі ұсынымдарды орындай алмайды, мемлекеттік органдардың ашықтығы тиісті деңгейде болмайды, бұл мемлекеттік басқарудың сапасына, сондай-ақ мемлекеттің инвестициялық тартымдылығына әсер етеді. Ықтимал салдардың бірі GlobalRTI- Raiting, Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі сияқты халықаралық рейтингтердің анағұрлым жоғары позицияларына көтеріле алмайтыны болып табылады», - деп атап өтті Г. Кужукеева.
Сарапшы тиісінше пайдалану деңгейін қалай көтеру керектігі туралы бес ұсыным берді: халыққа мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпарат беру қағидалары мен тәртібін заңға сәйкес актінің деңгейінде әзірлеп, қабылдау. Әрбір ақпарат иеленушіні өз интернет-ресурсында «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңын жариялауға міндеттеу немесе ұсыну және ақпарат пайдаланушылар үшін қадамдық нұсқаулық жариялау.
Одан басқа, 2017 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңды көпшілікке түсіндіру және «Ашық үкімет» порталын ілгері жылжыту бойынша ұлттық ақпараттық науқан жүргізуге лот бөлу сондай-ақ жыл сайын, 2017 жылдан бастап осы заңда көрсетілген базалық индикаторлар негізінде мемлекеттік басқару органдарының ашықтығы мен есептілігі туралы баяндама дайындау.
Сондай-ақ, сарапшы мемлекеттік органдардың ашықтық деңгейі бойынша рейтингін жүргізіп, оны тұрақты түрде жаңартып отыруды да ұсынды.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді