- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Сағынтаев Қазақстанның ЭКСПО-2017 көрмесінде ШЫҰ секцияларын орналастыруға көмек көрсетуге дайын екенін айтты
Б. Сағынтаев Қазақстанның ЭКСПО-2017 көрмесінде ШЫҰ секцияларын орналастыруға көмек көрсетуге дайын екенін айтты
Өз сөзінде Б. Сағынтаев көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ШЫҰ мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қозғады, деп хабарлады primeminister.kz.
ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесі ағымдағы жылдың маусым айында Ташкентте бекіткен ШЫҰ-ның 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асырудың 2016-2020 жылдарға арналған Іс-қимыл жоспарын орындау маңызды болып табылады.
Б.Сағынтаев 2017 жылы Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтетінін еске салды және Қазақстан халықаралық ұйымдар павильонындағы «ШЫҰ секцияларын» орналастыруға көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі ШЫҰ кеңейту тақырыбын қозғады. Мәлім болғандай, 2017 жылғы 8-9 маусымда Астанада ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының Саммиті өтеді, онда Үндістан мен Пәкістанды ШЫҰ мүшелігіне қабылдау рәсімін аяқтау және сәйкес құжаттарға қол қою күтілуде.
Айта кету керек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың маусымында ШЫҰ мүше мемлекеттердің басшылары кеңесінің отырысы барысында Үндістан мен Пәкістанның ШЫҰ-на кіруі ұйымның халықаралық аренадағы рөлі мен беделін арттыра отырып, сапалы жаңа даму сатысын білдіретінін айтқан болатын.
«Жаңа мүше мемлекеттердің қосылуын есепке алғанда, ШЫҰ Еуразия аумағының 60%-дан астамын, ғаламшар халқының 45%-ын, әлемнің ЖІӨ-нің 19%-дан астамын біріктіреді. Бір жылдан астам уақыт бұрын мен Біріккен Еуразиялық экономикалық кеңістікті құру туралы бастама көтерген болатынмын. Мұндағы маңызды элемент Еуразияның негізгі орталықтарын Жібек жолының тарихи бағдарларын жандандыру арқылы инфрақұрылымдық біріктіру болып табылады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске сала кетейік, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Бішкекке ШЫҰ мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының кеңесіне қатысуға барған болатын. Сапар аясында Б. Сағынтаев Қырғызстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Сооронбай Жээнбековпен, Ауғанстан Ислам Республикасы Атқарушы билігінің басшысы Абдулла Абдулламен екіжақты кездесулер өткізіп, сонымен қатар Қырғызстан Президентінің ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкімет басшыларымен кездесуіне қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді