- Басты
- Жаңалықтар
- ҚХА делегациясы Ресей мен Еуразия халықтарының форумына қатысты (ФОТО)
ҚХА делегациясы Ресей мен Еуразия халықтарының форумына қатысты (ФОТО)
Делегация құрамында: ҚХА төрағасының орынбасары Е.Л.Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжіліс Төрағасының орынбасары В.К.Божко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.В.Жумаділдаева, А.С.Мурадов, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л.А.Прокопенко бар.
Сапар аясында ҚХА делегациясы Ресей мен Еуразия халықтары форумының пленарлық отырысына қатысты.
Ералы Тоғжанов өз сөзінде ресейліктерді Халықтар бірлігі күнімен құттықтады. «Қазақстан мен Ресей тек стратегиялық серіктестік, достық байланыста ғана емес, сондай ақ қарапайым адамдар арасындағы қарым-қатынастарымен ерекшеленетін мемлекеттер. Бүгінде миллиондаған қазақтар Ресейде өмір сүрсе, миллиондаған орыстар Қазақстанда тұрады. Бұл Қазақстан мен Ресей халықтарының бауырластығы, өзара сенімі мен құрметінің белгісі», - деді ол.
Делегация мүшелері РФ Президенті Әкімшілігінің басшысы, РФ Президенті жанындағы ұлтаралық қатынас бойынша кеңестің жауапты хатшысы М.Магомедовпен, РФ Мемлекеттік Думасы ұлттар жөніндегі комитеттің төрағасы И.Гильмутдиновпен, ұлттар ісі жөніндегі федералды агенттігінің меңгерушісі И.Бариновпен, Ресей халықтары Ассамблеясының төрағасы С.Смирновамен екіжақты кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында Қазақстан мен Ресейдің өзара ықпалдастығының өзекті мәселелері, қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз етудегі, азаматтық біртектілік пен бірлікті нығайтудағы тәжірибе, ынтымақтастықтың жаңа векторлары, сондай-ақ, И.Баринов бастаған 11 қарашаға жоспарланған ресейлік делегацияның Қазақстанға сапары талқыланды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады