- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін онлайн бағалауға болады
Қазақстанда мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін онлайн бағалауға болады
«Ағымдағы жыл соңына дейін «Ашық үкімет» жобасын іске асыру аясында «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау» порталы іске қосылатын болады, онда мемлекеттік органдардың қызметін бағалау қорытындылары туралы ақпарат, аумақтардың стратегиялық жоспарлары мен даму бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептер орналастырылады. Сондай-ақ, біз мемлекеттік органдардың қызметін көпшілік талқылауды да жоспарлап отырмыз», - деді Д. Абаев Парламент Мәжілісі Комитетінің Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде «Ақпаратқа қол жеткізудің өзекті мәселелері» тақырыбына өткен көшпелі отырысында.
Сондай-ақ, министр 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдардың алқа және ашық отырыстарының онлайн-көрсетілімін міндетті өткізу туралы заң талабы күшіне енетінін еске салды.
«Үкімет отырыстары Интернет желісінде тікелей эфирде көрсетіліп жүргенін білесіздер. Біз басқа мемлекеттік органдардың дайындығы туралы ақпарат жинап, түсіндіру жұмысын жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмыстың нәтижелері ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында ұсынылады», - деді Д. Абаев.
Ботагөз Айтжанова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды