- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев жапондық журналистерге ҚР-ның ядролық қарусыздану саласындағы қызметі туралы баяндады
Н.Назарбаев жапондық журналистерге ҚР-ның ядролық қарусыздану саласындағы қызметі туралы баяндады
3 Қараша, 2016 12:41
Нұрсұлтан Назарбаев NHK телерадио хабарлар тарату корпорациясы мен «Киодо Цусин» ақпарат агенттігіне сұхбат берді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әңгіме барысында Қазақстан Президенті еліміздің ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы жұмсаған күш-жігеріне байланысты сауалдарға жауап беріп, ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешім қабылдауға әсер еткен себептер жөнінде айтты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан мен Жапонияның өзара іс-қимылының, соның ішінде ядролық қарусыздану саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын атап өтті.
Бұдан бөлек, Елбасы өңірлік геосаяси үдерістегі республикамыздың рөлі және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әңгімеледі.
NHK телерадио хабарлар тарату корпорациясы мен «Киодо Цусин» ақпарат агенттігі Жапониядағы және жаһандық ақпарат кеңістігіндегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдары болып саналады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері