• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Дуйсенова: 2 млн-нан астам қазақстандық тегін амбулаториялық-емханалық көмек алып отыр (ФОТО)

Т.Дуйсенова: 2 млн-нан астам қазақстандық тегін амбулаториялық-емханалық көмек алып отыр (ФОТО)

3 Қараша, 2016 13:14
2 млн-нан астам қазақстандық тегін амбулаториялық-емханалық көмек алып отыр, ол міндетті медициналық көмек көрсету аясында сақталған, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жыл сайынғы «Astana Zdorovie 2016» көрмесінде.

«Бүгінде біз  2 млн адамға амбулаториялық-емханалық көмек ұсынып отырмыз.  Стационарға сатып алынатын  дүниенің барлығы тегін көрсетіледі.  Бұл 2 мың медициналық препарат. Ол МСМС аясында  сақталатын болады.  Фармацевтикалық препараттар  қарым-қатынасында  міндетті медициналық сақтандыру  жүйесінде  мемлекет тарапынан тапсырыс  қалатын болады.  Медицина ұйымдары  өздері препарат сатып ала алады», - деді министр.

Т. Дуйсенова айтып өткендей, Астанадағы көрмеде  медицина саласындағы жаңа технология көрсетіліп қана қоймай,  Қазақстанның 25 жылдығында жеткен жетістіктері паш етіледі.

«Біз бүгін жыл сайынғы дәстүрлі  көрмені өткізіп отырмыз,  олар жаңа медициналық технологияларға арналып отыр: бұл медициналық қондырғы,  фармапрепараттар,  диагоностика мен емдеудің  жаңа технологиялары. Бұл көрмені Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап отырмыз», -  деді министр.

Астаналық «Көрме»  кешенінің көрме алаңында  фармацевтика, медициналық қондырғы,  шығын материалдары,  медициналық мақсаттағы тауарлар саласында    медициналық қызметтерді 11 елдің  80 компаниясы көрсетеді. Олар: Германия, Иран, Қазақстан, Қытай,, Корея, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Чехия мен Швейцария.

«Жүректің кенеттен тоқтап қалу жағдайларында жедел жәрдем келгенше көмек көрсетуге болады.  Жүрекке жасалатын массаж – 30 компрессия мен екі демді тарту. Кәсіпорындар мен ұйымдарда, құрылыс алаңдарында, әуежайларда -  кез келген жерде апат болуы мүмкін. Аппарат жедел жәрдемге хабар жіберілген кезде қойылады. Қуаттылығы – 200 джоулей, кәсіптік деңгейде  360-қа дейін барады, ол адамды өлтіріп жіберуі мүмкін. Аппарат біздің дұрыс әрекетімізді көрсетіп тұрады. Әлемде бұл құрылғы 15 жыл бұрын пайда болды. Қазақстанда өткен жылы пайда болды. Медициналық орындар мен кәсіпорындарда 60 аппарат жүзеге асырылды», - деді «Ақ жүрек» қоғамдық қорының менеджері  Батыржан Ибраев.

Денсаулық саласына арналған көрме биыл өзгеше форматта ұйымдастырылады. Көрме шеңберінде «Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы. Заманауи беталыстар» тақырыбында халықаралық конференция өтеді. Бұл еліміз үшін өте маңызды. 

Сурет: Бауыржан  Жуасбаев

Барлық жаңалықтар