• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру жобаларын бойынша отандық ғалымдардан 330 жуық өтінім келіп түсті

Ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру жобаларын бойынша отандық ғалымдардан 330 жуық өтінім келіп түсті

3 Қараша, 2016 14:53
Астанада ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін комммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру үшін 2016 жылға арналған конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталды.

Ғылым қайраткерлерінен өтінімдерді қабылдау мен сервистік қолдау көрсету бойынша бірыңғай оператор басымды, бастамашыл, тәуекелді зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытуға көмек көрсетуді мақсат еткен ҚР БҒМ Ғылым комитеті жанындағы «Ғылым қоры» АҚ болып табылады.

Айта кетейік, конкурсқа қатысуға ниет білдіргендердің өтінімдерін қабылдау биылғы 14 қыркүйекте басталды. Іріктеу қорытындысы бойынша 337 өтінім қабылданды.  

Жоба аясында өткен 5 айдың ішінде Ғылым қоры еліміздің 18 қаласында коммерцияландыруға қатысуы ықтимал ғалымдармен кең ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізді. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Қарағанды, Өскемен, Шымкент, Тараз, Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Орал, Атырау, Талдықорған, Қостанай, Қызылорда, Ақтау, Ақтөбе, Семей, Рудный қалалары қамтылды.  

Бұл сапарлар барысында 1416 қатысушымен – ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен, жоғары оқу орындарының оқытушыларымен және магистранттарымен, сондай-ақ бизнес қауымдастықтың өкілдерімен 79 кездесу өткізілді. Кездесулер аймақтық әкімдіктерде, технопарктерде және қолданыстағы кәсіпорындарда өткізілді. Сонымен қатар, коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру туралы кеңінен ақпараттандыру мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп Қор мамандары Орал қаласында өткен  III «WESTKAZINVEST – 2016 халықаралық инвестициялық форумына және Петропавл қаласында өткен «KyzylzharInvest 2016» халықаралық инвестициялық форумына қатысты.

Мүдделі бизнес әріптестердің, сонымен қатар, Қазақстан аумағында ERG өндірістік активтерін басқарушы Еуразиялық Топ өкілдерінің  қатысуымен бизнесті өндірісті коммерцияландыру процесіне тарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілді.

Ең көп өтініштер Алматы, Астана және Шығыс Қазақстан облыстарынан келіп түскен. 

Барлық жаңалықтар