Талдықорғанда бокстан әлем чемпионы Ж.Әлімханұлына пәтер кілті берілді

7 Желтоқсан, 2013 09:24
Алматы облысында өңірдің ең үздік спортшылары марапатталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Облыста жеңімпаз спортшыларға құрмет көретілді. Солардың қатарында бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына Талдықорған қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілті берілді және грек-рим күресінен әлем чемпионы Нұрмахан Тіналиевке, ауыр атлетика бойынша ждүние жүзілік біріншілікті қол медальға қол жеткізген Владимир Седовқа 2-3 млн теңгеден берілді. Марапатталған спортшылардың ұзын саны 9 және олардың бапкерлері де бар», - делінген хабарламада.

Атлеттерді құттықтай отырып облыс әкімі Аңсар Мұсаханов облыста спортты қаржыландыру көлемінің жыл санап өсіп келе жатқанын атты. Спортық нысандардың материалдық-техникалық базасының да жақсартылып келе жатқанын атады.

Қазіргі таңда облыс көлемінде елді-мекендерде спорттық-сауықтыру нысандары мен спорттық мектептердің құрылысы жүріп жатыр.

Сонымен қатар Талдықорғандағы «Жетісу» стадионында қосымша футбол алаңы, көгал хоккейі алаңы және ат спорты түрлерінің дайындық орындары салынуда.

Айта кету керек, облыстың үздік спортшыларына жыл сайын 30-150 мың теңге көлеміне стипендия беріледі. 

Барлық жаңалықтар