2013 жылы ҰБТ сұрақтарының үштен бірі жаңартылады – ҚР БҒМ

28 Қаңтар, 2013 00:00
Биыл Ұлттық бірыңға тестілеу сұрақтараның 30-36% жаңартылды, деп хабарлады Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің Ресми өкілі Алтай Әбибуллаевтың кезекті брифингі кезінде.

"Тестік тапсырмалардағы барлық сұрақтардың 30-36% толығымен жаңартылды. Біз балалардың шығармашылықпен ойлау қабілетін дамыту үшін логикалық сипаттағы сұрақтарға баса назар аудардық, сондықтан биылғы жылы осындай мазмұндағы сұрақтар молдау болады", - деді Б.Жұмағулов

Сонымен қатар ол ҰБТ өткізу түрі өзгермейтінін, былтырғы сияқты тестілеудің 154 тармағы бойынша жүргізілетінін жеткізді.

Білім беру ведомствосының ақпарына қарағанда, 2015 жылдан бастап ҰБТ 2 кезеңге бөленеді: Ұлттық тестілеу формасындағы мектеп бітіру емтихандары және түлектердің кешенді тестілеуі түріндегі ЖОО түсу емтихандары. 2013-2014 жылдары ілкі режімде ҰБТ блокқа бөлу жөніндегі сынақ жасалмақшы.

Барлық жаңалықтар