- Басты
- Жаңалықтар
- Таразда мемлекеттік бағдарлама бойынша 395 отбасы жаңа пәтерге ие болады
Таразда мемлекеттік бағдарлама бойынша 395 отбасы жаңа пәтерге ие болады

«Бәйтерек Девелопмент» АҚ-на операторлардың бірі ретінде бағдарламаның несиелік және жалға берілетін тұрғын үй салу бағыты бойынша 113 миллиард теңге бөлінді. Бұған қоса жергілікті атқарушы органдар арқылы тұрғын үй нысандарының құрылысын қаржыландыру үшін 67 миллиард теңге қарастырылған.
Акционерлік қоғам Тараз қаласында 395 пәтер салуға жеке құрылыс салушы компаниялармен 5 инвестициялық шарт жасасқан. 2016-2017 жылдары облыста 22,5 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын салуды жоспарлануда. Қазір қаладағы «Арай» тұрғынжай алқабында 6 көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінің құрылысы аяқталуда. Үйді қараша айында беру жоспарланып отыр. Желтоқсан айында 80 отбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңа пәтерлерге қоныстанады.
2017 жылдың бірінші жартыжылдығында осы алқаптан тағы да 315 пәтерлі үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша несиелік тұрғын үй сатылады және жалға берілетін тұрғын үй жергілікті атқарушы органдар арқылы бөлініп, екі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Банк салымшылары үшін бір шаршы метрдің құны 131 мың теңгеден 145 мың теңгеге дейінгі аралықта болады.
Жалға берілетін тұрғын үй әкімдіктерде кезекте тіркеуде тұрған аз қамтылған азаматтарға беріледі. Тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалдаудың ай сайынғы төлемі шаршы метр үшін 1110 теңгеден аспайды. Сонда 50 шаршы метр пәтерді сатып алу құқығымен жалдау кезінде ай сайынғы төлем 55 500 теңгені құрайды. Ипотекадан айырмашылығы – мұнда бастапқы жарна төленбейді, 18 жыл жалдағаннан кейін пәтер тұрғынның меншігіне айналады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары

